ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖИЫН ӨТКІЗГЕНДЕР ЖАЗАЛАНДЫ

Әлеуметтік желілерде «Жетісай қаласында төтенше жағдайға қарамастан той болып жатыр» деген бейнежазба таралған.
Қазіргі таңда, аталған жайт бойынша аудандық полицейлер шұғыл тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде оқиғаның мән-жайы анықталып, кінәлі азаматтар белгілі болды.
Бұл дерек ҚР ҚК-нің 476-бабы «Төтенше жағдай режимін бұзу» бойынша тіркеліп, тойхананың иесі мен той жасаушы тұрғынға хаттама толтырылды. Жинақталған іс-құжаттары сотқа жолданады.
Атап өтейік, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мамандары әлеуметтік желі мен мессенджерлерді 24/7 режимінде мониторинг жүргізуде. Аталған жайт та қызметкерлер тарапынан дер кезінде қолға алынып, облыстық полиция департаменті арқылы шара көрілді.
Осы уақытқа дейін тұрғындар тарапынан 7 жағдай бойынша Whats app топтарда таратып жүрген заң бұзушылықтар анықталған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.