ТҮРКІСТАН: ПАНДЕМИЯҒА ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУҒА ӘСКЕРИЛЕР ДЕ АТСАЛЫСУДА

Түркістан қаласына әскери күш кіргізілді. ҚР жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жəне ҚР Қорғаныс министрінің өкімімен төтенше жағдайға байланысты Түркістан қаласындағы 7 бірдей блок-бекеттің тəртібін күшейту жəне шаҺар аумағын залалсыздандыру жұмыстарына көмек беру мақсатында 35748 əскери бөлімінен 200-ден аса əскери қызметкер және бірнеше əскери техникалар жұмылдырылды.
Бүгіннен бастап қала аумағындағы блок-бекеттердегі төтенше жағдайға байланысты сақтық шаралары мен тыныштықты күзетуге әскери қызметкерлер де атсалысады. Одан бөлек, қала көшелері мен қоғамдық орындарда және аулаларда вирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстарына да қатысады.
Алғашқы күннің өзінде арнайы киім үлгісімен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтылған 40 әскери қызметкер залалсыздандыру жұмыстарын бастады.
Түркістан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев азаматтарды орын алып жатқан жағдайларға түсіністікпен қарап, дүрлікпеуге шақырды. Мұндай қатаң режимдегі тәртіп төтенше жағдай аяқталғанға дейін жалғасатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.