ШҰҒЫЛ ХАБАРЛАМА
Түркістан облысында 2 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 6 адам анықталды. Жетісай ауданынан — 3, Кентау қаласы -1, Ордабасы – 1, Сайрам -1 науқас тіркелді.
Кентаудан анықталған азамат Жетісай ауданынан шыққан науқаспен байланыста болған.
Ордабасы мен Сайрам ауданының екі тұрғыны Шымкент қаласында диагнозы расталған азаматтың туыстары.
Науқастар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде Түркістан облысында коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген.