ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАРАНТИНГЕ ЖАБЫЛҒАН ЕЛДІМЕКЕНДЕР
Түркістан облысында шектеу шараларын енгізу туралы қаулыға сәйкес, 1 аудан, 6 елдімекен, 2 медициналық мекемеде және 3 тұрғын үйде шектеу шаралары енгізілді. Олар: Жетісай ауданы, 6 елді мекен — Ордабасы ауданы, Бадам, Дербес елдімекендері, Сарыағаш ауданы, Еңкес елдімекені, Сайрам ауданы, Қосбұлақ, Ханқорған ауылдары, Арыс ауданы, Наурыз елдімекені.
Емдеу мекемелерінен Жетісай ауданының обсервация орталығы, Жетісай аудандық орталық ауруханасының инфекциялық госпиталі, Ленгер қалалық ауруханасының инфекциялық госпиталі карантинге жабылды.
Жетісай ауданы, Жаңа ауыл ауылы, Әбдіхалық е/м, Ақберен көшесі №41 үй, Жетісай қаласы, А.Байтұрсынов көшесі №67/3 үй, Жетісай қаласы, Ерубаев көшесі №5/3 үй тұрғын үй; 3 көше- Мақтаарал ауданы, Атакент е/м, Н.Төреқұлов-А.Пушкин, Н.Төреқұлов-Желтоқсан, Ғ.Мұратбаев-А.Пушкин көшелері карантинге жабылды.