ТҮРКІСТАН: «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫН КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАЛҒАСТЫРДЫ
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері төтенше жағдайға байланысты «Біз біргеміз» акциясы аясында салық және кеден саласының ардагерлеріне күнделікті қажетті азық-түліктерді үлестірді.
Сондай-ақ, сала мамандары ардагерлерге сақтық шараларын сақтап, мейлінше үйде болу қажеттігін айтты.
Департамент өкілдері мемлекет тарапынан індетті таратпау, елдің денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтау мақсатында атқарылып жатқан кешенді жұмыстарды қолдай отырып, қиын сәтте қоғамға қолдан келген көмекті көрсету азаматтық парыз деп санайды.