ШҰҒЫЛ АҚПАРАТ

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 49-ға жетті.

Жетісай ауданы, Асық ата ауылының 1980 ж.тұрғынынан коронавирус анықталды. Ол COVID-19 инфекциясымен ауыратын науқаспен жақын байланыста болған. Сондай-ақ,  Жетісай қаласының 1956 ж. туған азаматшасынан коронавирус инфекциясы анықталды. Ол 4 сәуір күні қайтыс болған Жетісай қаласының тұрғынының жұбайы.

Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ,  Кентауда — 5, Ордабасы  — 2, Сайрам — 2, Мақтарал — 4, Арыс — 14, Сарыағаш — 1, Бәйдібек -1 тұрғыны індетке шалдыққан.

Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.

Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.