ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бұйрығымен ШІЛМАНОВ АЙБЕК АҚБЕРГЕНҰЛЫ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы болып тағайындалды.
Айбек Шілманов Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында қызмет атқарудан бастаған.
Мемлекеттік қызмет істері саласындағы уәкілетті орган жүйесінде 2008 жылдан бері қызмет етуде.
2008-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Ақтөбе облысы бойынша басқармасының консультанты, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.
2015 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің орталық аппаратында Мемлекеттік қызмет және жемқорлықтың алдын алу департаментінің Тәртіптік-әкімшілік және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының сарапшысы, бас сарапшысы болған.
2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымдарында болған.
Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.