ЕЛ БІРЛІГІ БӘРІНЕН ДЕ ҚЫМБАТ

Бейбітсүйгіш қазақ халқының сан ғасырлардан бергі тарихында аты аңызға айналған ел бастаған хандары мен билері, батырлары елдің амандығын, тыныштығын сақтауға мол үлесін қосқаны мәлім.

Осы игі үрдіс қазіргі жаңа ғасырда да өз жалғасын тауып, әлем алдында Қазақстан досқа қамқор, дұшпанға кешірімді, көршілерге мейірімді ел екендігін дәлелдеп келеді.

Бүгінде Қазақстан – бірлігі жарасқан, мейманасы тасқан, атағы әлемге тараған мемлекет. Жүз отыз этнос баласы қазақ шаңырағының астында жиналып, дүрдараз болмай, дүрлікпей, бір үйдің баласындай тату-тәтті ғұмыр кешіп жатыр. Татулық, бірлік, береке, ынтымақ әр елде бола бермейді.

Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы. Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 жылда ел бірлігін нығайтуда аянбай еңбек етіп келеді. Біздің Түркістан облысында да түрлі этномәдени орталықтар өңірдегі конфессияаралық келісімді, ұлтаралық татулықты сақтауға және насихаттауға белсене араласып, қоғам тұрақтылығының қалыпты болуына өз үлестерін қосып келеді.

Мәселен Кентау қаласында татар этносының 1200-ден аса өкілі мекен етеді. Әрбірі ел тұрақ­ты­лығын, конфессияаралық үйлесім­ділікті  нығайтуға үлес қосуда.

Мен, Аюпов Фарид Түркістан облыстық және Кентау қалалық татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы қызметін атқарып келемін. Сондай-ақ  Кентау қалалық Ойын және су спорты түрлерінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры қызметін абыроймен атқарудамын.

Қазақстан Ұлттық Каратэ-до шотокан федерациясының президен­ті­мін, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген жат­тық­ты­ру­шы­мын, Спорт шеберімін, соны­мен қатар біліктілігі жоғары, жоғарғы дәрежедегі жаттықтырушымын. 6-дан қара белбеу иегерімін.

Кентау қалалық мәслихатының

ІІ шақырылымының (1999-2003 ж.ж.) және ІІІ шақырылымының

(2003-2007 ж.ж.) депутаты болдым.

Облыс, қала әкімінің, қала­лық мәслихат хатшысының бір­не­ше «Алғыс хаттарымен» мара­пат­талдым.«Қазақстан Рес­пуб­ликасының Құрметті спорт қай­раткері», «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрілігінің, сондай-ақ Кентау қаласының Құр­метті азаматы атақтарын иелен­дім. Облысқа сіңірген еңбегі үшін, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл», «Қазақ­стан Республикасының Тәуел­сіздігіне – 20 жыл», «Қазақ­стан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл», Қазақ­стан Республикасының Мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Мәслихаттарына 25 жыл» атты төсбелгілеріне ие болдым. «Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері» атағы да бұйырды.

Спорт саласында әлемдік деңгейде танылып жүрген шәкірттерім жетерлік. Осындай жетістікке жетуімнің себептері өзімнің адал еңбегіммен қоса, туған жеріме деген сүйіспеншілігім мен туған жерімде орныққан ынтымақ, бірлік, тыныштықтың арқасы деп білемін.

Кезінде тағдырдың жазуымен өзіміздің Түркістан облысына да  сан түрлі этнос өкілдері қоныста­нып, бүгінде олардің бәрі жергілікті жұртпен етене араласып, арманы ортақ біртұтас халыққа айналды.

Меніңше толеранттылық ұғымы әрбір қазақстандыққа жат емес. Ал біздің мақсатымыз – өңірдегі барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жаңғыруы мен дамуын қамтамасыз ету,  өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, конфессияаралық келісімді сақтай отырып тату елге тақсірет жоламайтынын тұтас елге жеткізу, бейбітшілікті ту ете отырып зайырлы қоғам қалыптастыруды көздейтін мемлекет саясатын өміршең ету болмақ.

Бір сөзбен айтқанда, сонау жылдары Елбасы Н. Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің өміршеңдігін танытып қана қойған жоқ, қазіргі таңда одан әрі өрлеу үстінде. Ұлттық бірлік мықты болса, Тәуелсіздік тұғыры да мызғымастай мықты болары айқын. Рухани жаңғыру арқылы ұлттық бірлікті берік етіп, тәуелсіздігіміздің жарқын жетістіктеріне үлес қосайық. Өйткені өңірдегі ұлтаралық татулықты сақтау – келешек кепілі.

Ф.АЮПОВ,

Түркістан облыстық және Кентау қалалық

татарбашқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.