ЖАТ АҒЫМДАРМЕН КҮРЕС ЖАНДАНУДА

Бүгінгі таңда өзекті мәселеге айналған діни экстремизм мен терроризмнің, теріс пиғылдағы жат ағымдардың алдын алу мақсатында Түркістан облысында  қарқынды жұмыстар  жүргізілуде.  Дегенмен дінімізге іріткі салып, сан тарауға бөліп, өзінің ұғымына сай уағыз, пікірлер айтып жүргендер аз емес. Кереғар ағымдардың алдын алу үшін облысымызда дәстүрлі дін өкілдерімен, ауыл-аймақ тұрғындарымен, студенттер мен оқушылармен  кездесулер ұйымдастырылып тұрады. Теолог мамандардың жүйелі жұмысының нәтижесінде дәстүрлі емес бағытта әрекет етіп, өзгелердің санасын улап жүргендерді дұрыс жолға салуға барынша күш жұмсалуда.

Айталық  биылғы жылы Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Б.Өтеген, Түлкібас ауданы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Айтымбетовтың қатысуымен Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы Абай атындағы мектеп-лицейінің жоғары сынып оқушыларымен «Жастар және дін» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Дінтанушы маман деструктивті діни ағымдардың қызметі және олардың қоғамға қатері туралы мәлімет беріп, ғаламтордағы зиянды ақпараттардан сақтану жолдары жайлы да айтып өтті.

Ал Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Созақ ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Шолаққорған ауылдық округі Н.Төреқұлов атындағы IT мектеп- лицейінде «Дін және жастар» атты тақырыпта мектеп оқушыларын құқықбұзушылықтан сақтандыру және зиянды әдеттерден аулақ болу мақсатында ақпараттық- түсіндіру жұмысы жүргізіліп, оған  Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Созақ аудандық бөлімінің теолог маманы Қ.Қосмаханов пен Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің заңгері М. Қиясбаев, Созақ ауданы полиция бөлімінің аға лейтенанты Әбдіқадір Әділбек қатысты.

Теолог Қ.Қосмаханов мектеп оқушыларына экстремизм ұғымы туралы жан-жақты айта келе исламның экстремизмді қолдамайтындығын дәлелдеп беріп, көпшілікті  адасып, теріс діни бағытты ұстанып жүрген азаматтардың діни көзқарастарынан сақ болуға шақырды.

Сондай-ақ Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Созақ ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Шолаққорған ауылдық округі Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінде  өткен жастармен жүздесуде аталған мамандар экстремизмнің ұлтқа, дінге, нәсілге, жынысқа бөлінбейтінін баса айтты.

Осы іспетті іс-шара Шолаққорған ауылдық округі А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта мектебінде де өтіп, мектеп оқушыларына  теріс діни ағымдар туралы кең көлемде түсінік берілді.

Сонымен қатар Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ, Мақтаарал аудандық маманы Аманов Дәурен Мақтаарал ауданына қарасты Еңбекші ауылдық округінде орналасқан № 16 Хиуаз Доспанова атындағы  мектеп оқушылары және ауыл тұрғындарымен «Деструктивті және экстремистік ұйымдардың жақтаушыларының рухани-психологиялық портреттерінің өзгеше-ліктері» тақырыбында жалпы кездесу өткізді.

Кездесу барысында дінтанушы маман Д.Аманов ауыл тұрғындарына деструктивті дін өкілдері туралы толыққанды мәлімет беріп, олардан сақтану шараларымен де бөлісті. Деструктивті діни ағым өкілдерінің көксегені дінді желеу етіп өз мақсаттарына жету екені де ескертілді.

Еліміздің тыныштығына нұқсан келтіретін мұндай әрекеттерге әсте жол

беруге болмайтынын айтып өткен маман  ауыл тұрғындарын еліміздің  ертеңі үшін  кез келген қауіпті әрекеттің алдын алуда жұдырықтай жұмылып, жаһандық індетті ауыздықтауға бірге атсалысуға шақырды.

Ал Түркістан облы-сы қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дінтанушы маманы Б.Өтеген, Келес ауданы ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы А.Сайлаубаев пен Абай ауылы №8 Т.Бегманова атындағы жалпы орта мектебі директорының қатысуымен «Жастар және дін» тақырыбында жоғары сынып оқушыларымен болған кездесуде Келес ауданы ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы А.Сайлаубаев теолог мамандардың пікірлерін қуаттап, жастардың діни сауаттылығын арттырудың қазіргі таңда аса өзекті мәселеге айналып отырғанын атап көрсетті.

Өз кезегінде дінтанушы маман елімізде тыйым салынған 24 түрлі діни ұйымдардың бар екенін тілге тиек ете отырып, соның ішінде, әсіресе, сәләфилік-уахабилік ағымға  ерекше тоқталып өтті. “Сәләфилік” терминінің шығу тарихына тоқталып, “сәләф” терминінің қаншалықты дұрыс қолда-нылып жүргенін, неліктен бұл атауды таңдағанын, сонымен қатар сәләфиліктің дәстүрлі ханафи мазхабынан қандай ерекшеліктері бар екенін баяндады.

Кездесу барысында мектеп директоры сөз алып, оқушыларға мектеп қабырғасында мектептің ішкі ережелерін сақтауға, ең бастысы, білім алуға шақырды.

Одан бөлек осы аудандағы Абай ауылының мәдениет үйінде «Зайырлылық және зайырлы мемлекет: ұғымы, мәні және белгілері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелері болып табылатын мешіт имамдары және дінтану пәні мұғалімдерінің қатысуымен  болған кездесуде  ауданның бас имамы Айдарбек Садықов аудан аумағындағы діни жағдайға тоқталып, қоғамымызға қауіп төндіріп отырған ағымдардан сақ болу керектігін жеткізді. Кездесу барысында дінтанушы маман ақпараттық-түсіндіру топтарының жүйелі жұмысы турасында да аз-кем ақпарат беріп, халық тарапынан көп қойылатын мәселелерге, нақтылай айтқанда, еліміздегі деструктивті діни ағымдардың қоғамға қатері және алдын алу жолдары, теріс діни ағымдардың әрекет ету тәсілдері, соның ішінде интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалану т.б.  кеңірек тоқталып өтті.

Өз кезегінде қатысушылар тарапынан  да бірнеше сұрақтар қойылды. Теолог маман  ауыл тұрғындарымен кездесулер тұрақты түрде өткізілетінін, алайда мұндай жиналыстарға қатысуға тұрғындардың онша құлық танытпайтынын ашық айтты. Ауданның бас имамы алдағы уақытта аудан көлемінде әйел азаматшалармен арнайы кездесулер өткізілетінін еске салып, жұртшылықты бойкүйездіктен арылып, сол жиналыстарға қатысып, белсенділік танытуға шақырды.

Ал Түркістан облысы Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен Құмкент ауылдық округі әкімдігі аппаратының мәжіліс залында әкімшілік қызметкерлері және ауыл тұрғындарына «Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасының рөлі» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, бұл іс-шараға Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің Созақ аудандық бөлімінің теолог маманы Қ.Қосмаханов пен Созақ ауданы әкімдігі Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Керімхан және Құмкент ауылдық округі әкімі Ғ.Пәрдебекұлы қатысты.

Теолог Қ.Қосмаханов ауыл тұрғындарына “Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы” туралы жан-жақты мәлімет берумен бірге 2019 жылдан басталған Сириядағы қақтығыс аймақтарынан қазақстандықтарды алып келу бойынша жасалған «Жусан» операциясы жайлы да  мәліметтер берді. Ал ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Керімхан тәрбиенің бастауы отбасы құндылықтары екенін түсіндірді. Теріс діни бағытқа кетпеу үшін ең алдымен балаға отбасында ұлттық құндылықтар насихатталуы керектігі де айтылды. Жиналыс соңынан қойылған сұрақтар да  жауапсыз қалмады.

А.Қадырқұл.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.