ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ЖАРҒА ЖЫҒАДЫ
Әлеуметтік желіде «Ешқандай шығын жоқ» Мақтаарал ауданындағы ТЖ байланысты Шөкеев мәлімдеме жасады» атты жазба жариялануда. Бұл ретте Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Өмірзақ Естайұлының Мақтаарал ауданындағы су тасқынына қатысты халыққа бейнеролик арқылы мәлімдеме жасаған болатын. Әлеуметтік желіде кеңінен жарияланған бұл мәлімдемеде облыс басшысы «Шығын жоқ» деген сөзді «адам шығыны жоқ» деген бағытта айтқан болатын.
Дәлел ретінде назарларыңызға бейнероликтен үзінді ұсынамыз.
Қазіргі таңда, шындыққа жанаспайтын мәлімет таратып, елді арандатушы адамдар анықталуда.