ТҮРКІСТАНДА ТҰРҒЫНДАРДЫ АДАЛДЫҚҚА ШАҚЫРАТЫН МУРАЛ ПАЙДА БОЛДЫ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Түркістан қалалық әкімдігінің қолдауымен жас облыс орталығында адалдық құндылығына негізделген «Әділ сөйлеп, адал жүр» атты жаңа мурал салынды.
Түркістан қаласына қарасты «Отырар» ықшам ауданындағы  көпқабатты тұрғын үйдің қабырғасына салынған муралда қазақ даласының төл перзенті, түркі халықтарының ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың бейнесі кескінделген.
Көз тартар композицияның негізгі ерекшелігі — биіктігі 15 метрді құрайтын мурал ұлы ақынның  «Әділ сөйлеп, адал жүр» деген терең тәрбиелік мазмұнға ие даналық сөзіне негізделіп салынған.
Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың айтуынша, бұл жаңа композиция қала тұрғындарының арасында  әділдік пен адалдық қағидаттарының кең дәріптелуіне  және өскелең жас ұрпақтың өнегелі жолға бағыт бұруына негіз болмақ.
Ахмет Ясауи бабамыздың ғибратты асыл сөздерінен бастау алған бұл келелі бастама, алдағы уақытта Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалаларда өз жалғасын табатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.