ТҮРКІСТАН: ОТАНДЫҚ ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТТАРЫ АЛҒАШ БОЛЫП МАҚТААРАЛҒА ЖЕТКІЗІЛДІ

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Инжиниринг» АҚ-ы жасап шығарған 10 өкпені жасанды желдету аппараты республикада ең алғашқы болып Түркістан облысы, Мақтаарал ауданына жеткізілді.

 

Ақмола облысы Көкшетау қаласында өндірілген отандық өнімді 2000-ға жуық шақырым жерден Мақтаарал ауданына алып келуге «Азала груп» компаниясы атсалысты. Жасанды тыныс алу аппараттары Мақтаарал аудандық «Мырзакент» ауруханасы мен «Атакент» ауруханасына табысталды.

 

Айта кетейік, бұған дейін де «Азала груп» компаниясы медициналық бетперделер мен дезинфекциялық құралдарды тегін таратып, жергілікті халықтың алғысын алған болатын.

 

Медицина қызметкерлері өз тараптарынан қауіпті дертпен күні-түні  аянбай күресуде. Жалпы, Түркістан облысы бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырған 2391 жағдай тіркелген. Сауығып шыққан науқастар саны – 1674.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.