ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА КОРОНАВИРУСПЕН КҮРЕСКЕ 5 МЛН-ҒА ЖУЫҚ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ӘКЕЛІНДІ

Түркістан облысына 5 млн-ға жуық дана дәрілік препараттар келді. Бұл өз кезегінде халқы тығыз қоныстанған өңірдегі дәрі-дәрмек тапшылығының оң шешілуіне ықпал етеді.
Пандемиямен күрес үшін облыс бюджетінен қаражат бөлініп, Өзбекстан елінен жеткен кезекті партия дәрілік заттардың ішінде амброксол, левофлаксацин, аминофиллин, азитромицин, цефтриаксон, парацетамол, метранидазол, дексаметазон, эуфиллин секілді пневмония және коронавирусқа қарсы препараттар бар.
Аталған қажетті дәрі-дәрмектердің жартысы өңірдегі аудан, қалалардағы ауруханаларға таратылса, жартысы әкімдіктермен меморандумға отырған 153 дәріханаға шекті бағамен жөнелтіледі.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.