ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ ТҰРАҚТАНДЫ

Облыста коронавирустық инфекцияның расталған 2615 жағдайы тіркелді. Соңғы бірнеше күн бойы бір күндік өсім 0.9 пайызды құрап, эпидемиологиялық жағдай тұрақталды. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен лездемелік жиында айтылды.

 

Облыс бойынша соңғы 1 аптаның аралығында аурушаңдық алдыңғы аптамен салыстырғанда 14,2 пайызға төмендеген. Яғни, аурушаңдықтың төмендеу үрдісі байқалады. Індет облыстың барлық аудан, қалаларында  тіркелген.

 

Бүгінгі таңда облыс бойынша 2116  адам коронавирустық инфекциядан жазылып шықты.     Инфекциялық стационарларда 124 науқас емделуде, симптомдары жоқ  569  тасымалдаушылар амбулаториялық ем қабылдауда.

 

Облыс басшысы карантин режимі талаптарының қатаң орындалуын мониторингілеу бойынша мобильді топтың жұмысын жандандырып, қоғамдық орындарда дезинфекциялау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.