ТҮРКІСТАН: ТӘРТІПКЕ БАҒЫНБАҒАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ ТОҚТАТЫЛДЫ

Коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында аптаның сенбі және жексенбі күндері арнайы мобильді топтар карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын нысандарды мониторингілеу жұмыстарын жүргізді. Топ тексерген 1328 нысанның 200-ден астамы карантин талаптарын бұзғаны анықталды. Нәтижесінде хаттама толтырылып, 230 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Жалпы, әкімшілік құқықбұзушылық туралы 183 хаттама толтырылды.

 

Рейд барысында тыйым салынған отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, тоқтатылды. Түркістан  облысы Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, мұндай жайттар Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекенде, Төлеби ауданы Зағамбар ауылында, Сайрам ауданы мен Арыста, Келес ауданы Біртілек  ауылдық округі, Жолбасшы елді мекенінде анықталған. Карантин кезінде той жасаған тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл тағылды. Сонымен қатар, Төлеби ауданында карантин шектеуін бұзған 4 демалыс орнына айыппұл салынды.

 

Мамандар облыс аумағында карантин режимі кезінде кездесетін кемшіліктердің басым бөлігін атап өтті. Атап айтар болсақ, тұрғындар арасында бетперде тағу талабы жиі бұзылады. Нысандарда сақтық шараларына салғырттық танытып, залалсыздандыру жұмыстары күнделікті жүргізілмеуде.

 

Түркістан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес жабылған нысандар жұмыстарын жалғастырған. Уақыты шектелгендері талапқа бағынбаған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.