«Protecting Business and Investments» жобасы аясында Ордабасы ауданында ірі өнеркәсіп орындарымен екі жақты келісімге қол қойылды
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен бизнес пен инвестицияны сыбайлас жемқорлықтан қорғау мақсатында, «Рrotecting business and investments» жобасы аясында Ордабасы ауданының ірі өнеркәсіп орындарымен екі жақты келісімге қол қойылды.
Аталмыш жобаның негізгі мақсаты — бизнесті қорғау және бизнес-климатты жақсарту, сондай-ақ бизнес құру және мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру рәсімдерін барынша жеңілдету.
«Рrotecting business and investments» жобасы инвесторлардың сыбайлас жемқорлық фактілеріне ұшырасуына жол бермеуді және қандай да бір заңсыз әрекеттердің туындауын болдырмауды көздейтін келелі бастама.
Инвесторлар бүл жобаға бизнестегі сыбайлас жемқорлық көріністері бойынша тікелей Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне баяндау үшін қол қояды.
Осы орайда, «Рrotecting business and investments» жобасын киелі өңірде жүзеге асыру үшін Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары М.Қарғабай мен бірқатар өнеркәсіп орындарымен, соның ішінде «Агро-V» ЖШС-імен жалпы құны -1миллиард 526миллион, «Асыл тұқымды» ауыл шаруашылық өндірістік корпаративімен жалпы соммасы 1 миллиард 346миллион теңге, сондай-ақ Сейітбек әулеті ЖШС-імен бизнестің құны 1миллиард 200 миллион теңге сүйемелдеуге алынып, жалпы саны 3 келісімшартқа қол қойылды.
Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша «Рrotecting business and investments» жобасы аясында отандық және шетелдік кәсіпорындармен жалпы суммасы 419 604 986 274 млрд. теңгені құрайтын 36 келісім шартқа қол қойылды. Өз кезегінде Агенттік келісімге қол қойған инвесторларды 100% сыбайлас жемқорлық фактілерінен 24/7 принципі негізінде, яғни кез келген уақытта қолдап, қорғайтын болады.
Жыл басынан бері жобалық кеңсенің фронт офисіне 34 шағым келіп түсіп, оның 100% қанағаттандырылған.
Бүгінгі алаңды пайдалана отырып, инвесторларға және бүкіл бизнес қауымдастығына Агенттік сіздердің құқықтарыңыз бен заңды мүдделеріңізді қорғауға барынша дайын екенін мәлімдегіміз келеді және еліміздің экономикалық әлеуетін арттыруға шақырамыз.