ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНА ҚАРАСТЫ ЖОЛДАРДЫҢ САПАСЫ БАҚЫЛАНДЫ

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің «Сапалы жол – адалдық алаңы» жобасы аясында Ордабасы ауданына қарасты Бадам және Қажымұқан ауылдық округтеріне төселген жолдардың сапасына мониторингтік бақылау жұмыстары жүргізілді.

Мониторингтік жұмыстарының негізгі мақсаты — автокөлік жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру және жолдарды салуға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын қадағалау.

Зерделеу жұмыстары барысында ауыл тұрғындарының арыз-шағымына сәйкес, қос ауылға қарасты жолдардың асфальт бетон жамылғысынан жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылы сынамалар алынып, мемлекет бюджетінен салынған жолдардың құрамы мен стандарты, сапасы мен қауіпсіздігі сараланды.

Кешенді мониторингтік бақылау жұмыстарына Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары М.Қарғабай, Превенция басқармасының басшысы Ғ.Жүндібаев, Департаменттің аға офицері А.Талғатұлы, «Түркістан- адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д.Ғаниұлы, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Оралбаев Азат Әбдіғалиұлы, Бадам ауыл округінің әкімі Абжалов Бақытжан Сералыұлы, «Ордабасы-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Баймаханова Әсел Есіркепқызы, аудандық «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» бөлімінің басшысы Искаков Арман, облыстық «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» РМК мамандары, жауапты мердігер компанияның басшылары мен аудандық арнайы мониторингтік топ мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

Ордабасы ауданына жүргізілген мониторингтік бақылау жұмыстарының нәтижесінде асфальт-бетон жамылғысында жол төселімінің біркелкілігі және жол жиектерінің тегістігі, сондай-ақ жол төселімінің қалыңдығы талапқай сәйкес келетіндігі анықталды.

Мониторинг барысында Департамент өкілдері мен тиісті мамандар тарапынан
мердігер мекемелерге жолдардың сапасы мен қауіпсіздігі бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Айта кетсек, алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарына жылжымалы жол зертханалық көліктері арқылы тексеру жұмыстары айына екі рет тұрақты негізде жүргізіліп отыратын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.