ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ 98,9 ПАЙЫЗЫ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН СУ ЖҮЙЕСІМЕН ҚАМТЫЛҒАН

Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес,  Түркістандағы экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында шағын аудандар мен тұрғын алаптарда орналасқан әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандарды газдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, облыс орталығын газдандыру ісі 11 кезеңмен жүзеге асырылуда. Жыл соңына дейін шаһарды көгілдір отынмен қамтитын  7 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Қазіргі уақытта Түркістанда 7 262 абонент табиғи газға қол жеткізді. Жыл соңына қарай бұл көрсеткішті 50% -ға жеткізу көзделген.

Сонымен қатар, халық арасында табиғи газды қосуға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінде облыс орталығының 170,028 тұрғыны (98,9%) орталықтандырылған су жүйесімен жабдықталған. Еліміздің рухани астанасына сапалы ауыз су магистралды су жүйелері арқылы Кентау қаласынан жеткізіледі.  Мұнымен қоса,  Кентау қаласынан Түркістан қаласының су қоймасына дейінгі магистральдық су құбырын салу жобасы жүзеге асырылуда. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын жоба аясында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы мен 5 су ұңғымасын бұрғылау қарастырылған.  Барлық жұмыстар кестеге сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, Түркістанда орталық қазандық қайта қалпына келтірілуде. Құрылыс жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау жоспарланған.  Нәтижелі жұмыстың  арқасында жылыту маусымында 87 көпқабатты тұрғын үй, 60 коммерциялық нысан және 28 бюджеттік мекеме тұрақты және сапалы жылумен қамтамасыз етілетін болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.