ТҮРКІСТАН: ҚАЛА/АУДАНДАҒЫ «АДАЛДЫҚ АЛАҢДАРЫ» БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗУДЕ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Қарғабай Мирас Облыстық Жастар ресурстық орталығында өңіріміздің белсенді жастарымен кездесті.
Кездесуге орталық директоры А.Д.Өміртай, облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Сариев және «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесіне қарасты 16 қалалық/аудандық Адалдық алаңдарының жетекшілері қатысты.
Идея алмасу жиынында сөз сөйлеген Мирас Асқарбайұлы елімізде жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан Жаңа жобаларға жеке — жеке тоқталып өтті.
Мирас Қарғабай өз сөзінде мемлекеттің өркендеуі сыбайлас жемқорлықсыз даму жолында жастардың белсенді болу керектігін айтты.
Сондай-ақ, Жобалық кеңсе аясында өңірімізде енгізіліп жатқан жаңашылдықтармен таныстырып, Адалдық алаңдарының жергілікті жердегі жетекшілеріне белсенді жұмыстары үшін алғыс білдіріп, жастарды тұрмыстық сыбайластыққа қарсы тұруға, әрбір істе адал болуға үндеді.
Кездесу барысында аудандарда жүзеге асырылып жатқан «Адалдық алаңы» жобасының мәселелері талқыланып, аудандық жастар тарапынан жобалық жұмысты жетілдіру мақсатында ұсыныстар айтылды.
Кездесу соңында белсенді жастар өз аймақтарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда алдыңғы қатарда болатындарын айтып, еліміздің өркендеуі жолында бірлесе жұмыс бірлесіп жұмыс жасайтындарын жеткізді.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.