ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН ТАЛАБЫН БҰЗҒАНДАРҒА 85 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Карантин кезінде қызметін қайта бастайтын  кәсіпкерлік субъектілері міндетті түрде www.infoKazakhstan.kz сайты арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алуы қажет. Түркістан облысында аталмыш электрондық портал арқылы қызметін қайта бастауға бір аптаға жуық уакыт ішінде 3856 кәсіпкерден өтініш түскен. Оның ішінде 2873 нысанның қызметіне рұқсат берілді. 454 өтініш кері қайтарылып, 529-ы қаралуда.

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандары, автосалон, балаларға білім беру мекемелері мен бірқатар бизнес нысандарында шектеулер жеңілдетілді. Алайда, пандемиямен күресте қауіпсіздік талаптарына барынша жауапкершілікпен қарау өте маңызды. Сол себепті күшейтілген санитарлық — дезинфекциялық талап сақталады.

Облыста коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында  73  мобильді топтармен Түркістан облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары бірлесіп жеке кәсіпкерлік нысандарға бақылау жүргізеді. Елдегі карантиндік шаралар басталғалы мобильді топтармен жүргізілген рейд жұмыстарының нәтижесі бойынша 14 388 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзған 2329 нысан анықталды. Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 1634 хаттама толтырылып, 85 867 980 теңге көлемінде айыппұл салынды. Оның тең жартысы өндірілген.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.