ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА СОҢҒЫ 7 АЙДА 654 МЫҢ ТОННА ӨНІМ ЭКСПОРТТАЛҒАН

Жыл басынан бері Түркістан облысының шаруалары 654 мың тонна өнімді экспорттап үлгерсе, оның жалпы құны 69,9 млн АҚШ долларын құраған. Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінде өткен брифингте Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов мәлім етті.
Соңғы жылдары мал етін өндіруде Түркістан облысы елімізде көш бастап келеді. Айталық, соңғы 7 айда Түркістан облысынан Өзбекстан, Ресей елдеріне 4 100 тонна сиыр, Өзбекстан, Иран, Бахрейн, Ресей елдеріне 243,8 тонна қой, Өзбекстан, Ресей елдеріне 33,8 тонна жылқы еттері экспортталыпты. Осы жұмыстардың нәтижесінде ірі қара мал етін экспорттауда Түркістан облысы елімізде алдыңғы қатардан көроініп отыр.
Бұдан бөлек, өңірде қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт көлемі 43,4 мың тоннаға жеткен. Ал қаржылық әлеуеті 40,5 млн.АҚШ долларын құраған. Бұл көлем жыл соңына дейін 97,2 млн. АҚШ долларына жетеді деп жоспарлануда.
Сондай-ақ, облысымыздан 1 445,9 тонна балық өнімдері Еуропаның Германия, Литва және Ресей, Украина, Өзбекстан елдеріне жөнелтілсе, 11,2 тонна шұжық өнімдері мен 1 468 тонна құс еті Ресейге экспортқа шығарылған.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.