ІНДЕТТІ ӨРШІТПЕУ – ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ
Біздің Шымкент қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/3 мекемесінде коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша бірқатар нақты шаралар қолға алынды.
Мәселен, Қылмыстық-атқару кодексінің 101-бабына сәйкес коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу, сотталғандардың, сондай-ақ қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ішкі істер министрінің бұйрығымен (2002 жылғы 16 наурыздағы №222) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ерекше жағдайлар режимі енгізілді.
ҚАЖ комитетінің бұйрығымен коронавирустық инфекция кезіндегі қызметкерлердің іс-әрекеті бойынша алгоритм әзірленіп, оған Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы да енгізілді. Алгоритмге сәйкес ИЧ-167/3 мекемесінде профилактикалық және санитариялық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында мекемеде күніне кемінде екі рет құрамында хлоры бар дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, үй-жайларды жинау жүргізіледі, антисептикалық құралдар пайдаланылады. Барлық қызметкерлер мен сотталғандар маскалық режимді сақтайды. Сотталғандарға жиі-жиі термометрия жүргізіледі, сондай-ақ-қызметкерлерге және баратын адамдарға респираторлық инфекциялардың алдын алу мақсатында барлық адамдар қорғаныш маскалармен және қолды өңдеуге арналған гигиена құралдарымен қамтамасыз етілген. Сотталғандардың иммунитетін арттыру үшін әрбір мекемеде тағамдарды С-витаминдеу жүргізіледі.
Ал жаңадан келген сотталғандар түзеу мекемесінде алдын ала ПТР-тестілеуден өтеді, және медициналық қызметкерлердің тұрақты бақылауымен 15 күнге дейінгі мерзімге карантин бөлімшесіне орналастырылады.
Оған қоса оқу орындарының жұмыс істеуі тоқтатылды. Кездесуге және келуге тыйым салынған, сонымен қатар телефон арқылы сөйлесулер (таксофондар) және бейнеқоңыраулар (Skype бағдарламасы) арқылы туыстарымен әлеуметтік-пайдалы байланыс орнатуға жағдай жасалған.
Тағы бір айта кетерлігі, сәлемдемелер және бандерольдер шектеусіз қабылдануда. Мекеменің басты мақсаты – аты жаман індеттің алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жеке құрам қызметкерлері мен сотталған азаматтардың денсаулығына қауіп төндірмеу.
Н.Сламбекова,
ИЧ-167/3 мекемесінің ТҚЕ бөлім бастығы.