ТҮРКІСТАН: ЕРЕКШЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЭСТАФЕТАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Түркістан облысы Отырар ауданында ерекше қайырымдылық челленджі бастау алды. Ұзақ жылдар бойы тозығы жеткен ескі үйде тұрған жалғызбасты анаға ауданның ерікті жастары баспана салып берді. Көксарай ауылының тұрғыны Есенкүл Әлібаеваның  жағдайымен танысқан 1995 жылы туған ауыл жастары бірігіп, жаңа баспананың іргетасын құйып берген. Ерікті жастар қайырымдылық эстафетасын ауылдас аға-інілеріне жолдаған.
Бұл ерекше бастамаға барлық ауыл жастары үн қосты. 1982 мен 1998 жылғы ауыл жастары қаржы жинап, кейуанаға жаңа баспана салып берді. Осылайша ұйымшыл жастар қамкөңіл бір отбасына қуаныш сыйлады.
Атап өтейік, биыл облыс басшысының бастамасымен Түркістан облысында «Қамқорлық» бағдарламасы жүзеге асуда. Соның нәтижесінде демеушілердің көмегімен бір ғана Отырар ауданының өзінде аз қамтылған 10 отбасы баспаналы болды. Тағы екі тозығы жеткен баспана күрделі жөндеуден өтіп, қайта жаңғыртылды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.