ШТАБ ТӨРАҒАСЫ САЙРАМ АУДАНЫНДА АДАЛДЫҚ ПЕН ӘДІЛДІКТІ ДӘРІПТЕДІ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының жетекшісі Е.Тұңғышбаев Сайрам ауданының жастарымен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен кездесу өткізіп, адалдық, парасаттылық құндылықтары туралы сөз өрбітті.
Әділдік аясында өрбіген кездесудің негізгі мақсаты — қоғам індетінің алдын алу және билік пен бұқара арасында сенім атмосферасын қалыптастыру, сондай-ақ талап-тілектеріне құлақ түру.
Жиында сөз алған Ерұлан Тұңғышбаев сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуде азаматтық белсенділіктің жоғары болуы айрықша маңызға ие екендігін жеткізіп, жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруды әрбір ел азаматы өзінен бастауы тиіс екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауына кеңірек тоқталып, «Әділетті мемлекетті» құру жолында «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын билік пен бұқара болып бірлесе жүзеге асыруымыз қажет екенін жеткізді.
Сондай-ақ, кездесуге қатысқан Сайрам ауданы әкім аппаратының басшысы Берік Тұрғынбеков аудан көлемінде адалдық идеялогиясын кең көлемде дәріптеу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.