АППАРАТТЫҚ КЕҢЕС ӨТТІ
Жуырда ИЧ-167/3 мекемесінде жеке құрам арасында «Сотталғандардың тәртіпке бағынғаны және түзелу жолына нақты түсуі» тақырыбында аппараттық кеңес өтті.
Осы аппараттық кеңесте өзінің дайындаған дәрісінде режим бөлімінің әділет капитаны Икрамов Алмаз мекемеде жазасын жазасын өтеушілердің қоғамға бейімделуін, оларға қоғам тарапынан тәрбиелік жұмыстардың көптеп жүргізілуін қамтамасыз ету секілді мәселелерді көтерді.Жаңа баптармен толыққан Кодекс жобасына сәйкес, жаза тағайындау тетіктері жетілдірілетін болады.
Бұл – бас бостандығынан айырудың прогрессивті жүйе бойынша жүзеге асатынын, ал бұл тетіктің енгізілуіне байланысты жазасын өтеушінің құқығы да өзгеретінін көрсетеді. Демек, жазасын өтеушінің тәртібіне байланысты оның құқығы кеңейеді я болмаса, шектеледі. Жалпы алғанда, жазасын өтеп жатқан азаматтың тәртібінің деңгейін анықтау, оған жаза тағайындау мәселесіне жан-жақты және байыппен келуге мүмкіндік туғызатын болады. Яғни, мұндай үдеріс өз кезегінде сол азаматтың өз мінез-құлқы мен тәртібін түзеуіне септігін тигізуі тиіс. Осылайша, жазасын өтеген жандардың қоғамға толық құқылы азамат ретінде бейімделуіне ықпал етеді.
Бұл жүйе сотталғандарды ұстауды кезең-кезеңімен ауыстыру меноларды құқыққа мойынсұнғыштыққа, тәртіпке бағынған жүріс-тұрысқа ынталандырады. Сотталғандармен арасында жүргізілетін тәрбие жұмысының бірден-бір әдістемесі –оларды мадақтау арқылы тәртіп бұзбауға шақыру. Жазасын өтеушілердің тәртібі, еңбекқорлығы, оқуға ұқыптылығы, өз еркімен еңбек етуі және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысулары ескеріледі. Оларды мадақтау үшін Алғыс хат беру, сыйлық ұсыну, қысқа мерзімде туған-туыстарымен кездестіру, бір айлық есептік көрсеткіш көлемінде азық-түлік және мереке күндері қажетті құралдарын алуға рұқсат беріледі. Кесілген жаза мерзімі де тәртібіне орай қысқарады. Жазасын өтеушілерді марапаттау және жазалау, мерзімді қысқарту мәселелерін қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес мекеменің лауазымды тұлғалары қолданады. Осылайша Икрамов Алмас өз дәрісін аяқтады. Ал аппараттық кеңеске қатысып отырған қызметкерлер өзіне керек тиісті сұрақтарын қойып өз жауаптарын алды.
А.Икрамов,
ИЧ-167/3 мекемесі
Режим бөлімінің жедел уәкілі, әділет капитаны.