ТҮРКІСТАН: БАҒАНЫҢ ӨСІМІ БАСТЫ НАЗАРДА
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған “Түркістан – адалдық алаңы” жобалық кеңсесінің менеджерлері мен Арнайы мониторинг топ мүшелері Түркістан қаласындағы бірқатар дәріханалардағы дәрілердің баға тұрақтылығына зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Бақылау жұмыстары барысында бірқатар дәріханаларға зерделеу жұмыстары жүргізіліп, Түркістан қаласы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан дәріханаларға мониторинг жұмыстары жүргізіліп, біршама кемшіліктер анықталды, аталған кемшіліктерді жою мақсатында уәкілетті органдарға хат жолданатын болады.
Осы орайда, Түркістан облысының тұрғындарының назарына дәріханалардағы дәрі-дәрмек құнының негізсіз көтерілгендігін байқаған жағдайда, 109, 102 және Агенттіктің 1424 Call орталығына немесе +7776-837-09-00 нөміріне Whatsapp қосымшасы арқылы дәріхана атауы мен орналасқан жерін және дыбыс пен бейнематериалдарды қосымша жіберуге болатынын хабарлаймыз