СОТТАЛҒАН АЗАМАТТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТАЛАП ҚАРЫЗДАРЫ ӨТЕЛУДЕ

2015 жылдың қаңтар айынан қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық және Қылмыстық-атқару Кодекстерінде жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату немесе жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыруды кеңінен қолдану көзделген.

Жыл басынан бері ИЧ-167/3 түзеу мекемелеріндегі сотталған азаматтардың санын азайту үшін белсенді түрде жазаның баламалы түрлерін қолдану қарастырылуда. Мекемелердегі сотталғандарды түзеу бойынша кешенді іс-шаралар, режимдік талаптарды орындау, жаңа жұмыс орындарын ашу және сотқа дұрыс бағыт беру сотталған азаматтардың азайуына оң септігін тигізіп, жыл басынан бері сотталғандардың мерзімінен бұрын шартты босату туралы өтініштерінің қанағаттандырылуы 70,7 пайызды, жазаның өтелмеген бөлігін жеңіл жаза түріне ауыстыру туралы өтініштерінің қанағаттандырылуы 75,2 пайызды, қоныс-колониясына ауыстыру туралы өтініштерінің қанағаттандырылуы 20,8 пайызды құраған.

ҚР ҚК-нің 73-бабы-ның талабына сай, жазаның өтелмеген бөлiгiн ауыстыру кезiнде сот бас бостандығынан айырудың төрт күніне бір айлық есептік көрсеткіш есебiмен айыппұлды не бас бостандығынан айырудың бiр күнiне бас бостандығын шектеудің бiр күнi есебiмен бас бостандығын шектеуді таңдауы мүмкiн. Айыппұлға ауыстырудың шарты қылмыспен келтірілген залалды толық өтеу болып табылады.

Бүгінгі күнге жергілікті соттармен өтелмеген бөлігі айыппұлға ауыстырылып, мемлекет пайдасына 24000230 теңге көлемінде айыппұл төленген.

А.Туғанбаева,

ИЧ-167/3 мекемесінің ҚҚЕ бөлім бастығы.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.