ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР
Құқықтық тәрбие – құқықтық жалпы білім беруде, құқықтық нигилизимді жеңуде, заңға сәйке тәртіпте тұратын құқықтық мәдениет және құқықтық тәртіпті қалыптастыру процесі. Құқықтық тәрбие құқықтық білімді, құқықтық тәжірибені, құқықтық мәдениетті және қоғамның құқықтық мұраттарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу бойынша мақсатты қызметті білдіреді.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты – жеке адамның да, жалпы алғанда, қоғамның да құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыру. Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдарды аса жауапкершілікпен орындап отыруымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзат сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана-сезімі мен, күнделікті мінез-құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзінде асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Құқықтық тәрбие беру арқылы жастарды өз құқықтарын пайдаланып, азаматтық міндеттерін орындай отырып қоғамда өмір сүруге, заңдар мен ережелерді тәжірибеде белсенді қолдана білуге үйретуге болады.
Құқықтық тәрбие берудің негізгі мақсаты – оқушыларды құқықтық мәдениет пен құқықтық әрекет-қылық қалыптастырып, оларды құқықтық заңдылық талаптарын түсінуге әрі мойындауға баулу. Құқық пен тәрбиенің өзара байланысты әрекеті негізінен жанама түрде тәрбиеге араласқан ата-аналар мен ұстаздар арқылы іске асырылады.
Құқықтық тәрбиені жүзеге асыруда қойылатын талаптар: заңдарды білу. Заңдарды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Әрине, қоғам өмірінде қабылданған заңдардан хабардар болу құқықтық ұғынудың жоғары деңгейі. Адамның құқықтық мәдениеті мектеп жасынан бастап қалыптасатынына көз жеткізу қиын емес. Осыған қарамай оқушылардың біраз бөлігі қылмысқа тартылудың шектелуі жас кездері бар екенін біле бермейді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді. Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне-көп құқықтық тәрбиенің бұзылуына әкеп соғады.
Қорыта айтқанда, құқықтық тәрбие – адам құқығы туралы, Конституция міндеттері мен еркіндігі туралы және құқық бұзушыларға, жауыздық пен зорлыққа деген қарым-қатынас туралы білімді қалыптастырады. Мақсаты: өскелең жас ұрпақты қоғамның заңдары мен нормаларын бұлжытпай орындау және Ата заңымызды сыйлау рухында тәрбиелеу, мемлекет пен қоғам ісіне саналы түрде белсенділікпен қатысып, өз Отанын әрқашан қорғауға дайын болуға тәрбиелеу.
Динара Заурбек,
Арыс аудандық сотының бас маманы.