ТҮРКІСТАН: АДАЛ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ –АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТІ

Бүгінгі күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері киелі өңірде халықпен тең отырып тілдесуді және сол арқылы тұрғындар арасында адалдық, әділдік құндылықтарын дәріптеуді жүйелі түрде жүзеге асыруда.
Бүгін игі мақсатқа құрылған кезекті кездесу облыстық үгіт-насихат Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаевтың қатысуымен Созақ ауданында өткізіліп, аудандық кірістер, ішкі істер қызметкерлері мен үкіметтік емес ұйым өкілдері, сондай-ақ аудандық Штаб мүшелеріне парасатты қоғамды қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.
Жиын барысында сөз алған Е.Тұңғышбаев Агенттіктің бастамасымен халықпен сындарлы сұхбат құру және адалдық және тұтастық қағидаларын кеңінен дамыту мақсатында құрылған Штабтың негізгі бағыттарын ортаға салып, көлеңкелі қылмыстың жолын кесу — әрбір ел азаматына жүктелген ортақ міндет екендігін жеткізді.
Сондай-ақ, Созақ ауданында тұрғындарға қолайлы және сапалы қызмет көрсету мақсатында ашылған халықтық кеңсеге арнайы барып, азаматтарға қызмет көрсету мүмкіншіліктерімен танысты.
Кездесу соңында тұрғындардың талап-тілегі мен ұсыныс-пікірлеріне құлақ түріп, жиынға қатысушылар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға жауап берді.
Айта кетсек, Түркістан облыстық ақпараттық-ағарту Штабы 2019 жылдың 25 желтоқсан күні құрылып, оның құрамына облыстың зиялы қауым өкілдерінен құралған жалпы саны 100-ге жуық азамат енген болатын.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.