ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫСЫН ӘШКЕРЕЛЕУГЕ ЖӘРДЕМДЕСКЕН 10 АЗАМАТҚА АҚШАЛАЙ СЫЙАҚЫ БЕРІЛДІ
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай 2020 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстардың қорытындысы бойынша брифинг өткізді.
Баспасөз жиынында ағымдағы жылдың 9 айында Департаменттің Тергеу басқарамасының өндірісінде 336 қылмыстық іс болғандығы, оның ішінде 190-ы Агенттіктің Түркістан облыстық департаментімен тіркелгендігі атап өтілді.
Және өндірісте болған істердің 254-і бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданып, оның 94 ісі айыптау актісімен сотқа жолданғандығы баяндалды.
Сондай-ақ, баспасөз мәслихаты барысында әрбір аяқталған істер бойынша алдын алу шараларын күнделікті жүргізудің арқасында ҚР ҚПК-нің 200 бабына сәйкес, сотқа жолданған және ақтамайтын негізбен тоқтатытылған істер бойынша заң бұзушылықтарға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі ұсыныстарды енгізу көрсеткіші 100%-ға жеткендігі атап көрсетілді.
Атап айтқанда, биылғы жылдың 9 айында 83 ұсыныс жолданып, оның 70-і қаралып, 46 лауазымды тұлға, оның 13-і бірінші басшы түрлі деңгейдегі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Баспасөз жиынында Мирас Асқарбайұлы мекеме ұжымының қатысуымен — 41, ал басшылардың қатысуымен — 30 ұсыным қаралғандығын тілге тиек етіп, сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша ұсыныстардың барлығы толық мемлекеттік органдарға жолданғанын жеткізді.
Бұдан бөлек, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 қағидасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдескен 10 тұлғаға 1,7 млн. теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілгенін алға тартып, Агенттіктің 1424 Call орталығына Түркістан өңірінен хабарласқан азаматтардың берген ақпараты арқылы 9 қылмыстық іс тіркеліп, жедел әрекет ету амалдарын жүргізудің нәтижесінде лауазымды тұлғалар пара алу фактісімен ұсталып, 3 қылмыстық іс сотқа жолданғанын атап өтті.