Конфуция

Сун әулеті билігі кезінде (Х-ХІІІ ғасырлар) қытай филосоиялық мектебінің жаңа Конфуцийшілдік бағыты қалыптасты. Жаңа Конфуцийшілдік деп аталған бұл ағымның ерте Конфуцийшілдіктен айырмашылығы – онтология, натурфилософия, космогонияға көбірек көңіл бөлінеді.
ХІ-ХІІ ғасырларда Чжу Си және басқалар арқылы конфуцийшілдер дейтін философиялық бағыт қалыптасты, ол заттарда екі түрлі негіз бар деп үйретті. Олар: Ли – парасатты шығармашылық күш және Ци – енжар материялық. Алғашқысы адамның бойындағы жақсы қасиет – ізгілікке құлшыныс, ал екіншісі – жаман қасиет сезім қызғанышына бой ұруды қалыптастырады.
Бұған бәсекелес екнші бағыт болған Лу Цзю-юань Ван Янмин мектебі ХVІ-XVІІ ғасырларда идеялық басымдыққа жетті. ХVІІ-ХІХ ғасырларда классикалық мәтіндерді сыни тұрғыда оқып, табиғатты тәжірибемен зерттеу қолға алынды.
ХХ ғасырда батыс философиясы теориялары назарға алынды. Әлеуметтік тәртіп пен реттіліктің бұлжымастығын дәйектей түсу арқылы жаңа Конфуцийшілдік ХХІ ғасырдың басына дейін Қытай философиясы мен қоғамдық-саяси ойындағы үстем бағытқа ие болып келді. Оның Жапония, Корея мен Вьетнамға да ықпалы зор болды.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.