Діни радикализмнің алдын алу

Елімізде адамдардың дінге қатысты қажеттіліктерін еркін өтеулері үшін барлық жағдайлар жасалған. Қолданыстағы заңнамаларда елімізде ешбір діннің міндетті еместігі және ешбір дінге қандай да бір артықшылық берілмейтіні және заңды түрде қызмет атқарып отырған барлық конфессиялардың заң алдындағы теңдігі нақты бекітілген.
Осындай қарапайым әрі түсінікті ережелер, өз кезегінде, жұртшылықтың дін саласында жүргізіп отырған мемлекеттің саясатын оңды бағалауына мүмкіндік беріп отыр деп айтуға болады.
Осы ретте, біздің елімізде дін саласындағы саясатты іске асыру шеңберінде діни радикализмнің өсе түсіп отырған қаупін алдын алуға баса мән беріледі.
Бұл бағыттағы дін саласындағы уәкілетті орган барлық деңгейдегі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлестікте және азаматтық қоғам институттарын кеңінен тарта отырып, өз құзіреті шегінде бірізді жұмыстар жүргізуде.
Діни экстремизм мен терроризм идеяларының таралуының алдын алу мақсатында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарын құру, орталық және жергілікті деңгейде олардың жұмыстарын ұйымдастыру, әдістемелік қамтамасыз ету және үйлестіру арқылы теріс діни идеяларға тоқсауыл қою жатады.
Радикалдық ағымдардың ұстанушыларын дәстүрлі ортаға қайтару, кеңес беру және оңалту жұмыстарын қамтитын екінші бөлікте теріс ағымдардың ұстанушыларын дәстүрлі ортаға қайтару және экстремизм баптары бойынша бас бостандықтарынан айырылып, түзеу мекемелерінде жазаларын өтеушілермен оңалту бағыттарында кешенді шаралар іске асырылуда.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.