Ұлттық сана
Қазақ кеше көшпелі, бүгінде отырықшыланған өркениетті халық. Яғни отырықшылық мәдениетке көшкеніне бір ғасырдан астам уақыт болған жаңа қанды ұлт. Жалпы сайын далада, тұмса табиғаттың ортасында тіршілік жасаған номад халықтардың ұлттық санасы белгілі бір қорғанның қабырғасының ішінде қым-қуыт тіршілік еткен отырықшы жұрттардан өзгеше болған.
Ол туралы тарихшылар мен әлеуметтанушылар айтып кеткен. Көшпелілер адамизат болып жаратылған әу бастағы жаратылыстық саф сипаттарға жақынырақ болса, отырықшыларға өркениеттенген мәдениет пен қу саудагерде болатын құбылмалы сипаттар тән.
Бұл тақырыпқа байланысты әлеуметтану ғылымының түп атасы Ибн Халдун өзінің әл-Муқаддима атты еңбегінде арнайы бір бөлім жазған. Ол былай дейді: «Дала жұрты қала жұртынан қарағанда фитраға29 жақын. Адам жаны алғашқы жаратылыстық таза қалпында яки фитрада болғанда өзіне жеткен сөзді, үгітті қабыл алуға әзір тұрады, жақсылық пен жамандықты тез сезіп, ажыратады.
Алла Елшісі (с.ғ.с.): «Әрбір нәресте әу бастағы жаратылыста, фитрада туылады. Алайдаата-анасы оны не яһуди етеді, не христиан етеді, не мәжуси етеді», – деген. Адамға жақсы, жаман сипаттың қайсысы бірінші жеткенде екіншісінен алыстайды да, оған қол жеткізу бара-бара қиынға айналады. Ізгілік иесі өзіне ізгілік әдеттері жеткенде бойында зұлымдықтан аулақ болу қасиеті қалыптасады да, жамандықтан ұзақтайды. Фитра – адамзаттың алғашқы жаратылыстағы бұзылмаған таза қалпы, ділі. Оған оралу қиын іске айналады. Керісінше, зұлымдық иесі де жамандыққа бой үйретіп алғаннан кейін жақсылықтан мүлде жырақ кетеді.