Діни экстремизмнің алдын алу үшін ең бірінші кезекте не істеу керек?
Сарапшылардың пікірі бойынша, діни экстремизмнің алдын алу үшін бірінші кезекте біз ұлттық тәрбиеге өте бекем болуымыз керек. Жас баланы, жас жеткіншектерді тәрбиелеген кезде ең алдымен олардың санасына, өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды, өзіміздің этно-педагокикалық өнімдерімізді үйретуді, баулуды жолға қою керек. Ең бірінші мәселе ол баланың рухының қорғанышы, баланың жанының қорғанышы өте мықты болу керек. Сол кезде ол қандай бір мәселе кездескенде де, уағыз тыңдағанда да экстремистік ағымның сөздерін еститін болса да ол ішіндегі қалыптасқан әбден ішіне сіңген құндылықтардың бәрі жоққа шығарып, өзінің басын өзі алып шыға алатын жағдайға жетеді.
Сондықтан, бірінші кезекте біз мектепте болсын, жоғары оқу орындарында болсын жастарға өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды, дәстүрлі құндылықтарымызды насихаттауды соны меңгертуді әбден жоғары қою керек. Одан кейін екінші мәселе ол – ақпараттық танымдық жұмыстары көп жүргізілуі керек. Экстремистік ағымдардың зияны қандай, олардың адам санын қалай улайтындығы жөнінде, олардың адамның өмірін құратыны, олардың адамның бүкіл мүмкіншілік қуат потенциалының бәрін қалай жоятынын жайлы нақты дәлелдермен берілетін ақпараттық жұмыстар өте көп жүргізілуі керек. Үшінші мәселе ол – діни экстремизм әрекетіне барынша тыйым салуды жүзеге асыру керек. Яғни, оған белсенді түрде әрекет керек деп ойлаймын. Ол үшін сүзгіден, фильтрден өткізіп, әрбір діни жамағаттың бірлестіктің, өздері айтқан медиа контентін, олардың сөздерін міндетті түрде сараптамадан өткізіп, оның барлығын тексеріп отырған дұрыс деп есептеймін. Сол кезде діни экстремизм болдырмауға, әрекеттерін тоқтатуға, тежеуге Қазақстан аумағында олардың әрекет ететіндей мүмкіндігінің болмауына үлес қосуға болады.