Алдын алудағы басымдықтар

Бүгінде ел аумағындағы діни кеңістікте жасырын немесе жария зияндылығын тигізіп жатқан дәстүрлі емес деструктивті ағымдардың көрініс беретіні жасырын емес.
Осы бағытта басшылыққа алуға тиіс бірқатар мәселелер бар. Конфессия, ұлт, этносаралық төзімділікті, азаматтық келісімді, саяси тұрақтылықты және діни сұрақтарда тек қана ҚМДБ фәтуалары мен шешімдерін негізге алу керектігін насихаттау;
Қазақстандықтардың санасында деструктивті жалған діни ағымдардың идеологиясын қабылдамайтын иммунитет қалыптастыру;
Ксенофобты, агрессиялы, радикалды діни сенімдер мен идеологиялардың болмысы мен зиянкестігін ашып көрсету;
Қазақ халқының ұлттық, діни, дәстүрлі, рухани құндылықтарын сақтау әрі дамыту;
Діни сұрақтарда тек қана ҚМДБ фәтуалары және шешімдерін негізге алуды насихаттап, адасқан ағымдардың идеологиясын ата-бабаларымыз ұстанған Әбу Ханифа мазһабынан концептуалды түрде ажыратып беру;
Діни кеңістіктегі сұрақтарды реттейтін заңнамаларды қоғамға ашып түсіндіру болмақ.
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «МӘҢГІЛІК ЕЛ» қоғамдық бірлестігі әзірлеген

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.