ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК ДӘРІЛІК ҚОЙМАҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай бастаған жедел жұмысшы топ «СК – Фармация» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы өңірлік қоймасына арнайы барып, пандемияның екінші толқынына дайындық барысына бақылау жұмыстарын жүргізді.
Зерделеу жұмыстарына «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Д.Хусаин, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалының өкілі А.Еркінбеков пен партиялық бақылау комиссия мүшелері, Арнайы мониторингтік топ мүшелері А.Абпазов пен БАҚ өкілдері қатысты.
Мониторинг жұмыстары барысында қауіпті індетке қарсы қажетті дәрілік препараттар, атап айтсақ «Парацетамол», «Риварокс», «Новиган-нео», «Прадакса», «Эликвис» дәрілері қорда жеткілікті деңгейде екендігі және өңірлік дәрілік қоймаға апта сайын Шымкент қаласындағы бірыңғай дистрибьютор Хабынан, атап айтсақ 19-23 қазан аралығында 164,9 млн теңге сомасына 367 түрлі дәрілік заттар келіп жетсе, 27 қазан күні антибиотиктер мен ковидке қарсы дәрі-дәрмектермен қайта толығатын болады.
Бүгінгі күні өңірлік қоймада құны 437 млн.теңгені құрайтын дәрі-дәрмектердің 640-тан астам түрлері сақталған.
Өңірлік қойманың бүгінгі жәй-күйімен танысқан Мирас Асқарбайұлы дәрі-дәрмектердің толықтығын жіті бақылап, алдағы уақытта сұранысқа ие дәрі-дәрмектердің емдеу орындарына жеткізілу барысында ешбір кедергілердің болмау қажеттігін жеткізді.
Айта кетсек, алдағы уақытта да Департамент тарапынан дәрі-дәрмектердің баға тұрақтылығы мен дәрілік заттардың мемлекеттік емдеу орындарына толық тасымалдануына тұрақты негізде мониторинг жұмыстары жүргізіліп отыратын болады.