Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты: Ондай есеп-қисаптың экономикалық негізі жоқ
Осы жолы да бюджетте шикізаттық секторға басымдық беріліп, табыстың басым бөлігін мұнаймен толтыру жоспарланып отыр. Бұл стратегия президент қойған мақсат-міндеттерге сай келмейді.
Ал 2025 жылға қарай 4,6 процентке дейінгі өсім бір ғана фактордың арқасында болады делінген. Ол – мұнай өндіруді 17 процентке арттыру және экспорт көлемін ұлғайту. Ондай стратегия президент қойған міндеттерге сай келмейді. Мемлекет басшысы шикізаттық емес экономиканы дамытуды тапсырған.
Мұндай жағдайда мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шаралары да мұнайдың әлемдік бағасына тәуелді болады. Себебі қаржының басым бөлігі шикізат экспортынан түседі.
Бұған дейін әлеуметтік шығындар көбейді деп айтылды. Алайда үш жылдық бюджетті әлеуметтік салаға бағытталған дей алмаймыз.
Ынтымақты зейнетақының көлемін көтергенде инфляция деңгейінен 2 процентке артық меже ескеріледі деген. Алайда 2021 жылы зейнетақының орташа мөлшері 5,7 процентке көтеріледі. Мұның өзі инфляциядан төмен болып тұр.
Бұдан бөлек, келесі жылы атаулы әлеуметтік көмекті 979 мың адам алады деген жоспар бар. Олардың қатары жыл сайын 120 мың адамға азаяды. Ондай есеп-қисаптың экономикалық негізі жоқ.
sputnik.kz