ТҮРКІСТАН: ШОРНАҚТА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін Кентау қаласына қарасты Шорнақ елді мекенінде «Алтын шаңырақ» атты ынтымақтастық шарасы өтті. Елді бірлікке шақырған кездесу
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Негізгі мақсат – татулық пен тұрақтылықты, келісім мен ауызбіршілікті дәріптеу.
«Бұл елдің игілігі мен бірлігін арттыруға арналған шара. Еліміз көпұлтты және тату мемлекеттер қатарында. Ішінара болатын түрлі жағдайлар біздің берекемізді алмай, керісінше пейіліміздің кеңдігі мен ауызбіршілігіміздің мықты екенін көрсетуі қажет. Ауыл азаматтары осы шара аясында ғана емес, алдағы уақытта да бауырмалдықтың үздік үлгілерін көрсетеді деген сенімдемін», — деді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Нұрланұлы.
Шараның негізгі бөлігінде ауыл ақсақалдары мен жастар жағы бірігіп көшет отырғызды. Ауыл тұрғындары үшін татулықтың нышаны болсын деген ниетте қазыналы қарттар өсиет әңгімелерін айтты.