ТҮРКІСТАН: «САПАЛЫ ЖОЛ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА АВТОКӨЛІК ЖОЛДАРЫНДАҒЫ БІРҚАТАР КЕМШІЛІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ
Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Сапалы жол» жобасы аясындаТүркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының автокөлік жолдарынакешенді мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Бақылау жұмыстарының негізгі мақсаты — автомобиль жолдарының сапасына сараптама жүргізу арқылы төселген жолдардың сапасы мен қауіпсіздігін арттыру, жолдарды төсеу мен жөндеу кезінде туындайтын сыбайлас жемқорлық кұқықбұзушылықтарының алдын алу және бюджет қаражатына салынған жолдарға тұрғындар тарапынан қоғамдық бақылауды күшейту.
Жүргізілген қоғамдық бақылау жұмыстарынаМақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Б.Төребеков, аудандықАрнайы мониторингтік топ мүшелері және облыстық «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» РМК мамандары менжауапты мердігер компанияның басшылары, сондай-ақ БАҚ өкілдері қатысты.
Мониторинг барысында ауданға қарасты Жаңа жол, Өргебас, Фирдоуси ауылдық окургтерінде бюджет қаржысы есебінен салынған жаңа жолдардың құрамы мен стандарты сараланып,жылжымалы жол зертханалық көлігі арқылыасфальт бетон жамылғысынан сынамалар алынды.
Жүргізілгенмониторингтік жұмыстарбарысындаасфальт бетон жамылғыларының беткі жағының бұзылуымен жол төселімінің қалыңдығы біркелкі еместігі, сондай-ақ шөп өсу деректері анықталды.
Бірқатар кемшіліктерді анықтаған мамандармердігер мекеменің жұмысынан белгілі болған кемшіліктер бойынша акт түзіп, қайта жөндеуден өткізуге бірқатар ұсыныстарберді.
Айта кетсек, алдағы уақытта даТүркістан облысына қарасты барлық қала/аудандардың жолдары жиі бақылауға алынып, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарынажылжымалы жол зертханалық көліктері арқылы тексеру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілетін болады.