ТҮРКІСТАН: АДАЛДЫҚТЫ ӘУЕЗДІ ӘНГЕ ҚОСҚАН ТЕРМЕШІЛЕРДІҢ ҮЗДІК ҮШТІГІ МАРАПАТТАЛДЫ

Терме – қазақ поэмасының және вокальды ән музыкасының шалқар шыңы. Бұл адамгершілік пен әділдікті, ар тазалығы мен туралықты қаузап,  өлең мен әуезді әнмен өрнектейтін  жанр. Оны адалдық жолында  қайта жаңғырту, қалың бұқара халыққа игі мақсатта  қайта ұсыну – келелі бастамалардың бірі.

Осы мақсатта Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойнша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының жұмыс жоспарына сәйкес, қазақ дәстүрінің төрінен орын алған терме байқауы Созақ ауданында өткізілді.

Адалдық пен парасаттылық, қарапайымдылық пен ізеттілік сынды құны биік қасиеттер қазбаланған ауқымды байқауға ауданның кіл жүйріктері бақ сынап, мемлекет дамуын тұралататын парақорлықтың тамырын кесуді өз өлеңдеріне арқау етті.

Бәсі биік байқаудың нәтижесінде, 1 орын – Шалабаева Гүлбану, 2 орын – Нұржанбаев Ұлан,  3 орын – Керімқұлов Құрмаш жүлделі үздік үштікке ілігіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.