ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНДЕ «АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІ АШЫЛДЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ӨКІЛДЕРІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР САЛАСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Республикалық ақпараттық-ағартушылық штабы өкілдерінің мегаполиске сапары барысында қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты-қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу болып табылады.

Аталған шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғ.Асанұлы, ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі Ы.Тұрсынзада, Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали, Қаржы министрілігіне қарасты қаладағы  департамент басшылығы мен қызметкерлері, жалпы саны 150-ге жуық адам қатысты.

Шара барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Ғанижан Асанұлы Агенттіктің басты басымдықтары алдын алу екендігін жеткізіп, парасаттылық, ашықтық, айқындық, тұтынушыға бағдарлану, цифрландыру қағидаттарын ауқымды ілгерілету және мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдар қызметінде жемқорлық тәуекелдерін жоюға бағытталғанын атап өтті.

Штаб жетекшісі Ырза Тұрсынзада қайырымды қаланың тұрғындары бір-біріне мейірімді, қайырлы, қамқор болуы қажет болса, ондай қаланың тұрғындары жемқорлыққа жол беріп, қаланың, еліміздің дамуына кедергі келтірмеуі қажет деп есептеймін. Әрқайсыңызды жемқорлықпен күресіп, оған жол бермеуге шақырамын, — деп қорытындылады.

Мемлекеттік кірістер саласы өкілдерімен кездесу барысында Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру, мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтар үшін қолайлы жағдай жасау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Еңбекші ауданының мемлекеттік кірістер басқармасында «Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ашылды.

Кеңсе аталған салада сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мен жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыты бойынша жұмыс атқаратын болады. Кез келген азамат кеңсеге кедергісіз келіп, ұсыныстары мен шағымдарын қалдыра алады.

Айта кетейік, бұған дейін «Адалдық алаңы» жобалық кеңселері экология, қорғаныс департаменттерінде ашылған болатын.

 

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.