«Адасқанның алды жөн-Арты соқпақ» діни іс-шараға
ИЧ-167/3 мекеме аумағында орналасқан мәдениет үйінде 14.10.2020 жылы «Адасқанның алды жөн-Арты соқпақ» атты діни іс-шара өте жоғары дәрежеде өтті. Бұл іс-шара бірлескен жобада ұйымдастырылды, яғни Шымкент қаласы бойынша дін істер басқармасы «дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы А.Уралбаев, ҚМДБ-ның уәкілі «Қожан ата» мешітінің бас имамы А.Тұрапбаймен бірлесіп жалған діни қағидаларды дәлме-дәл қабылдап, оған еретін адамдардың ой-өрісіне, сезіміне, іс-әрекеттеріне деструктивті әсер етіп, дінді сылтау етіп оларды қылмысқа итермелеп отырған тұлғаларды дұрыс бағытқа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Осыған байланысты мекедегі жазасын өтеп отырған радикалды бағыттағы сотталған азаматтарда өз еркімен кінәсін мойындап бейнероликке түсті.
Бұл бейнероликте Сирияда болғанына өкінетіні, және интернет ғаломторы арқылы тыйым салынған видеоларды таратқан көргені бойынша өз өкінішін білдірген сотталған азаматтар бар. Іс-шараға қонақ болып келген Шымкент қаласы бойынша департаментінің ҚР ҰҚК Шымкент қаласы бойынша департаментінің 3ДЭ бөлім бастығы майор М.Турсынбай және 3ДЭ бөлімінің жедел уәкілі Н.Сәрсембаев, Шымкент қаласы Халифа омар мешітінің бас имамы ЖАНТ мүшесі Данабек Әліпбайұлы, ИЧ-167/3 мекеме қызметкерлері, және мекемедегі сотталған азаматтармен алғаш рет бейне роликтің көрсетілу рәсімі қатысты.
Оған қоса келген қонақтардың ішінде Халифа омар мешітінің бас имамы ЖАНТ мүшесі Данабек Әліпбайұлы ағамыз «Әбу Ханифа мазһабының маңыздылығы» тақырыбында дәріс өткізді.
Ал Шымкент қаласы бойынша дін істер басқармасы «дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теологы А.Уралбаев «Ислам тарихы» тақырыбында дәріс өткізді.
Іс-шара соңында келген қонақтар сөз сөйлеп, іс-шараға қатысқан сотталғандарды марапаттап, жақсы дұға-тілектерін айтып, өткен іс-шараға жоғары бағаларын беріп,тән ризашылығын білдіріп кетті.
И.Амангелді,
САӘПТЖБ бөлімінің аға инспекторы әділет капитаны.