ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ ТҰРҒЫНДАРДЫ ТУРАЛЫҚҚА БАСТАЙТЫН КЕЗЕКТІ МУРАЛ САЛЫНДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен парасаттылық идеологиясын ілгерілетудің жаңа әдісі ретінде еліміздің қалалары мен ауылдарының орталық көшелеріндегі көпқабатты үйлердің қасбетіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы муралдар салу туралы бастама көтерілді.
Бұл игі үрдіс Түркістан облысында да жүйелі қолға алынып, бүгінгі күні киелі өңір сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың жарқын үлгісін қалыптастыру мақсатында салынған муралдармен толығуда.
Атап айтсақ, бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен аудан әкімдігінің қолдауымен Шардара ауданында ХІХ ғасырдың заңғар тұлғасы хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай, жаңа мурал салынды.
Ауданға қарасты Әл-Фараби көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйдің қасбетіне салынған муралда қазақтың бас ақынының бейнесі кескінделген және Абай Құнанбайұлының «Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге» деген терең тәрбиелік мән-мазмұнға ие даналық сөзі жазылған.
Айта кетсек, Түркістан өңірінде ең алғаш түркі әлемінің төл перзенті Ахмет Ясауи бабамыздың ғибратты сөздерінен бастау алған мұндай муралдар, Түркістан, Арыс қаласы мен Төлеби ауданында салынған болатын.

Алдағы уақытта да Түркістан облысына қарасты барлық аудан/қалаларда өңір тұрғындарын адалдық пен парасаттылыққа үндеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыратын жаңа муралдар салынатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.