ТМД-ның мәдени астанасы — Шымкентте Түркіменстанның Бейтараптығының 25 жылдығына арналған онлайн-көрме ашылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 2020 жылы мәдени астанасы деп жарияланған Шымкент қаласы кітапханаларының ресми сайттарында Түркіменстанның Бейтараптығының 25 жылдығына және «Түрікменстан — Бейтараптықтың отаны» жылына арналған онлайн-көрме ашылды.
Қазақстан Республикасындағы Түрікменстан Елшілігінің ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған онлайн-көрмеде Түркіменстанның көркем табиғаты, ұлттық мәдениет пен дәстүрлері, бай тарихы туралы фотосуреттердікөруге болады.
Көрме сайтқа келушілерді құрметті Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың басшылығымен гүлденіп жатқан Түркіменстанмен таныстыруға арналған.
Интернет-көрме 2020 жылдың соңына дейін жалғасады.