Шымкент: Бейнебақылау камералары арқылы жыл басынан бері 200-ден аса қылмыс ашылған
2020 жылдың басынан бері Шымкент қаласының Полиция департаменті Жедел басқару орталығының «102» арнасына –323150 түрлі сипаттағы қоңыраулар шалынып, оның 133405 тіркеуге алынған.
Жедел басқару орталығына қарасты сыртқы бейнекамералардың көмегімен ағымдағы жылдың 10 ай 15 күнінде 215 қылмыс жайты ашылған. Оның ішінде: тонау -13, бұзақылық – 27, автокөлікті заңсыз иелену – 6, ұрлық – 107 және басқада қылмыстар- 62.
Бейнекамераның көмегімен нөлдік төзімділік қағидасы және әкімшілік құқық бұзушылық бойынша – 39434 жайт анықталған.
— қоғамдық орында қоқыс тастау — 741;
— қоғамдық орындарда мас халде жүру — 1124;
— қоғамдық орында қайыршылық жасау — 1089;
— Жол ережесін бұзғандар –29574;
— Басқа да – 6906.