ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР ҚОЛҒА АЛЫНУДА
Жуырда ИЧ-167/3 мекемесінде жеке құрам арасында “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар” тақырыбында аппараттық кеңес өтті.
Қазіргі таңда жемқорлықпен белсендi күрессiз қауiптi құбылыстың алдын алу мүмкін емес. Өйткені бұл індет елiмiзде жүрiп жатқан реформалардың негiзгi мақсатына жетуіне кедергi етедi. Бiздiң қоғамда жемқорлықтың шығу негiздерi көп, олар: пара алу, парақорлықты жасыру, әртүрлi iстегi және жұмыстағы жеке мүддеден, мемлекеттiк және қоғам мүддесiнен туындауы мүмкін және т.б.
Елімізде мемлекеттiк органдарда бүгінде заң бұзу жауапкершiлiгiн күшейтуге, қатаңдатуға баса назар аударылуда. «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң арқылы біз мемлекеттiк органдар және лауазымды тұлғалардың өз құзырынан аспай қызмет етуіне қол жеткіземіз.
Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаменті ИЧ-167/3 мекемесі тарапынан тұрақты түрде қызметкерлермен қоғамдық және әскери тәртiптi бұзбау негiзiнде iс-шаралар ұдайы жүргiзiледi. «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң төңiрегiнде түсiнiктерiн арттыруға баса мән беріледі.
«Нұр-Отан» партиясы, прокуратура органдары, ұжым өкiлдерiмен бiрiгiп, бас қосып семинарлар мен конференциалар т.б. да шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Жемқорлықпен күрестегi маңызды роль, жас қызметкерлерге жемқорлық заң бұзушылық үшін жаза барлығын алдын ала ескерту және қызмет барысындағы
мемлекеттiк қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерiмен таныстырып, түсіндіріп отырамыз.
Басқаша айтқанда, жемқорлыққа жүйелi көзқараспен келiп күресу әлi де алда, бiрақ ол өздiгiнен жүзеге аспайды. Бұл бағытта үнемi талмай күш жұмсап, бірлесе қарсы тұрған жөн.
Жемқорлықпен күрес тек мемлекеттiк қызметкерлермен ғана емес, бүкiл халықтың жұмылуымен жүзеге асуы керек.
А.Есеналиев,
ИЧ-167/3 мекемесінің Жедел бөлім бастығы,
әділет майоры.