Мемлекеттік органдардың НҚА жобаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі факторлары жарияланды
Агенттіктің алаңында НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізудің алдын ала қорытындылары бойынша брифинг өтті.
Парасаттылық департаменті директорының орынбасары Нұрсұлтан Бекинов НҚА жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы уақтылы және сапалы қорытындылар дайындау үшін жұртшылық арасынан жоғары кәсіби сарапшылық әлеуетті қалыптастыру қажеттігі туралы айтты.
Осыған байланысты, қайта ұйымдастырылған конкурстық іріктеу нәтижесінде бұрын бекітілген 93 сарапшыдан тұратын тізілім 39 жаңа сарапшымен толықтырылды.
Үйлестіруші тапарынан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Тілекқабыл Рамазанов пен Ғ. Сапарғалиев атындағы ҒЗИ басшысы Сұлтан Әлімжановтың айтуынша мемлекеттік органдардан сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамаға НҚА жобаларының үлкен саны келіп түсуде.
Қазіргі таңда 4000-ға жуық сыбайлас жемқорлық факторларын жою бойынша ұсынымдарды қамтитын 2400-ден астам НҚА жобаларының 1023-не сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорытындылар берілді.
Аралық нәтижелер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің негізгі факторлары дискрециялық өкілеттіктердің кеңдігі (33%), екіұшты тұжырым (18%), тиесілі құқықты іске асыру үшін тұлғаға қойылатын жоғары талаптар(15%), құқықтық олқылықтар (10%), құқық нормаларының қайшылықтары (10%) болып табылады.
«Талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлықтың негізгі нормалары әлеуметтік қамсыздандыру, қаржы, салық және медициналық заңнама саласындағы НҚА жобаларында қамтылған» — деп хабарлады С.Әлімжанов.
Үйлестірушінің жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама қорытындыларының тиімділігін бағалау және НҚА жобаларынан сыбайлас жемқорлық нормаларын алып тастаудан мемлекет үшін экономикалық әсерді айқындау жөніндегі талдамалық бөлім құрылды.
Әрбір НҚА жобасының сараптамалық қорытындылары әр азаматқа қолжетімді түрде https://expertize.kz/ сайтында орналастырылған.
Сонымен қатар, Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының президенті Зәуреш Батталова сарапшылардың біліктілігін арттырудың маңыздылығын атап өтті, өйткені бұл олардың кәсібилігі мен парасаттылығына тікелей байланысты.
Осыған байланысты, ағымдағы жылғы желтоқсанның екінші онкүндігінде Қор Нидерланд Корольдігінің Елшілігімен бірлесіп, ЕҚЫҰ тәуелсіз сарапшысы Кристина Церненің шақырылуымен сарапшылар үшін практикалық тренинг өткізетін болады.
Жалпы, кешенді жұмыстың нәтижесінде сараптама сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, сарапшылар тізілімінің сандық және сапалық құрамын арттыру жүйелі түрде жүргізілетін болады.