ТҮРКІСТАН: «БІЗ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫМЫЗ» БЕЙНЕРОЛИК БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қорының» қолдауымен және Түркістан облысы бойынша Департаменті және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 15 қарашасы мен 7 желтоқсан аралығында «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында «Адал бол» бейнеролик байқауы өтті.
Байқаудың негізгі мақсаты – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жарқын үлгісін қалыптастыру, жастар арасында адалдық, әділдік құндылықтарын кең көлемде насихаттау.

Байқауға жоғары оқу орындары мен кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының парасатты, белсенді студенттері қатысты.
Байқау шартына сәйкес, бейненің максималды ұзақтығы 3 минуттан аспайды және байқауға ұсынылған жұмыстың мазмұны, сюжеті, сахна тұлғалары мен кейіпкерлердің іс-әрекеті ҚР-ның заңнамасына қайшы келмеуі керек. Сонымен қатар, қатысушы студенттің адалдық, әділдік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық ұстанымдарына назар аударылып, аталған роликті әлеуметтік желілерде #adalbol хэштегпен тегтеп орналастыруы талап етілді.
Қазылар алқасының құрамында бірқатар саланың мамандары, атап айтсақ Департамент қызметкерлері, «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсенің менеджерлері, Түркістан облысы мәдениет басқармасының «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мемекемесінің режиссері, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының баспасөз хатшысы, Арнайы мониторингтік топ мүшесі мен БАҚ өкілдері болды.
Айта кетейік, байқаудың қорытындысы ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні жарияланып, үздік деп танылғандар «9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» күніне орай, арнайы марапатталатын болады.

Ұқсас ақпараттар Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.