Шымкент: Тергеушілер қайырымдылыққа атсалысты
Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының тергеушілері көп балалы анаға көмек көрсетті. Ынтымақ мөлтек ауданының тұрғыны Мариям Сүлейменова 5 баланың анасы. Сауапты іске ниет еткен сала қызметкерлері көп балалы анаға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдерін жеткізіп берді. Тұрақты түрде қайырымдылық жасауға атсалысатын Абай ауданы Полиция басқармасының тергеушілері алдағы уақытта да көп балалы, жалғыз басты аналар мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау көрсетуді жалғастырмақ.
«Қайырымдылық –ізгіліктің көрінісі. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында тер төгіп жүрген сала қызметкерлері көмекке мұқтаж жандарға қолдау білдіруді естен шығармайды. Ұжым қызметкерлерімен біріге отырып көп балалы отбасыларға, қарттар үйіндегі қариялар мен жетім балаларға қолдау көрсетуді ойға алып отырмыз» — дейді Абай ауданы Полиция басқармасының тергеушісі Рустем Қуанышбеков.