МАҚТААРАЛДЫҚ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА ЖАРТЫ МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ
Мақтаарал ауданында биыл «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында аз қамтылған көпбалалы аналарға тұрғын үй сатып алу бойынша 50 тұрғын үйге 420 000 млн теңге қаржы республикалық бюджет есебінен бөлінді. Осыған орай, 50 баспананы сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілді. Бұл жайында шекаралас аудандардың жұмысын қадағалауға келген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.
Техногендік апат орын алған Мақтааарал ауданындағы апат салдарын жою жұмыстарынан бөлек, аудан инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын да қатар жүргізілуде. Қазіргі таңда ауданда 21 әлеуметтік нысанның құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде орталық стадион биыл пайдалануға тапсырылды және 20 нысан 2021 жылы аяқталады.
«Төтенше жағдай салдарын жою бойынша 8 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізілуде. 1 мектеп, 1 балабақша, 1 полиция пункті, 3 дәрігерлік амбулатория және 2, фельдшерлік-дәрігерлік амбулатория салынып жатыр. Салыстырмалы түрде алсақ, Мақтарал ауданында 2019 жылы құрылыс саласына 7 917 млрд. теңге қаралса, 2020 жылға 29 млрд. теңге қаралды» , — деді аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеев.
Сондай-ақ, Фирдоуси ауылында 600 орындық мектеп ағымдағы жөндеуден өтсе, 1 дәрігерлік амбулатория мен 1 полициялық тірек пункті салынуда. Өңір басшысы құрылыс алаңдарын аралап, ондағы жұмыс барысын бақылап қайтты.
Мақтаарал ауданында 2018 жылы 69 елді мекеннің 67-і, яғни 99,9% тұрғындар ауыз сумен қамтылды деген көрсеткіш бар. Алайда кейбір ауылдарда су жүйелерінің тозығы жеткен. 2018-2019 жылдары 5 елді мекендегі (Қоңырат, Дихан, Алғабас, Мақтажан, Жеңіс) ауыз су жүйелері жаңартылды. 2020 жылы тағы 5 нысанның (Наурыз, Алаш, Өргебас, Атакент, Береке) құрылысына бюджеттен 274 млн-ға жуық теңге бөлініп, 3 нысанның (Наурыз, Алаш, Өргебас) құрылысы аяқталды. 2021 жылы 3 нысанның (Атакент, Береке, Иіржар) құрылысына бюджеттен 516 млн. теңге бөлінді.
2018 жылы 69 елді мекенің 27-і, яғни 57,8% тұрғындары табиғи газбен қамтылған болатын. 2018-2019 жылдары жүргізілген жұмыс нәтижесінде тағы 9 елді мекенге газ жеткізіліп, газбен қамтылған тұрғындар үлесі 63%-дан асты. Қалған тұрғындарды газбен қамту үшін құны 5 млрд.тн болатын 11 жоба (1 АГРС, 1 газ құбыры , 9 елдімекен) құжаттары дайындалып, соның ішінде 6 нысан (АГТС, газ құбыры және 4 елдімекен) құрылысына бюджеттен қаржы қарастыру үстінде, ал қалған 5 нысанның (5 елдімекен) құрылысын жүргізу мемлекеттік жекешелік әріптестік бағдарламасы арқылы жүргізіледі.
Мақтаарал ауданында шалғайдағы шағын 8 үй, 55 адам тұратын Достық елдімекенінен басқа барлық ауылдар орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Алғабас, Пернебаев, Қоңырат ауылдарындағы тозығы жеткен электр желісін жаңартуға 2021 жылға бюджеттен 130 млн. теңге қарастырылды. Сонымен қатар, 11 ауылдың электр желісін жаңартуға құжат әзірленіп, 456 млн.тн. бөлуге бюджеттік өтінім ұсынылады.